Артикуляциялы гимнастика дегеніміз не

Артикуляциялық гимнастика дегеніміз не, не үшін қажет?

Автор: Bilimger · 15 августа, 2017

Қаратаева Қолғанат Ғибадатқызы

Статистикаға сүйенсек қазіргі кездегі түрлі дәрежедегі тіл кемістігі бар балалардың көбейуі — қоғамның шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселенің бірі болып табылады. Мұндай балаларға арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы.

Тіл — қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуге арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды. Тіл кемістігі бар балалар өз кемшіліктерінің себебінен өздеріне достар таба алмай қиналып, сөйлеуден де қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ маторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз қимыл-қозғалыстар жасайды. (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б) сенімсіз,мазасыз, жсқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады.

Артикуляциялық жаттығу дегеніміз не? және оның маңызы;

Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз — ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.

-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

— пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:

  1. Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.
  2. Оның орындалуын көрсетеді.
  3. Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.

Тіл кемістігі бар балаларға жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарын айтқызу өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде, немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетесіз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшық еттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып, «Ыстық «деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, «Суық» деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл-қозғалысы, нақтылығы, күші, біртіндеп дамиды. Бұл жаттығулар дыбыстарды дұрыс айтуға және қарапайым қимылдарды әр түрлі фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.

Дыбытардың 5 түрлі айтылу кемшілігі бар.

  1. Сигматизм-с-с; з-з; ц, щ, ч, щ, ж
  2. Ротацизм-р-р, р-ль

Осы орайда тіл кемістігін туғызатын аномалияларды атап өтсек:

Каппацизм туғызатын анамолия — қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды.

Ламбдацизм-тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хирургиялық операция туралы шешім де қабылданады.

Ротацизм- тіл асты желбезегінің қысқалығы, биік және жіңішке шектен тыс үлкен немене жіңішке икемі кем тіл.

Сигматизм — тіл ұшын таңдайға көтере алмайтындықтан болады.

Ысқырық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығу түрлері: Піл, тәтті тосап, сағат, тарақ.

Ызың дыбыстарға арналған: Түтікше, жымию, тісімізді тазалаймыз, ашуланған мысық.

Читайте также:  Топ приложений для медитации ios

Діріл дыбыстарға арналған: Әткеншек, сылақшы, ат шауып келеді, күрекше.

Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшық еті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп, сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды алғашқы кезде дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан үлкендерге шыдамды болуы керек.

Қазіргі кезде Қазақста Республикасында білім берудің жүйесі жасалып, мемлекетіміз әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Балабақшаның білім беру жұмыстарында жаңа технологияны қолданудың арқасында бізге көмекке жаңылтпаштар, саусақ ойындары, тіл ұстарту жаттығулары, көмекші бола алады. Жаңа технологияның тиімділігі баланың шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын қалытастырады.

Сонымен қорыта айтқанда, балабақша балаларының тілін дамытуда түрлі ойын, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.

Источник

Призентация «Артикуляциялық гимнастика» Дизартрияға арналған

Описание презентации по отдельным слайдам:

а) Астыңғы жақ сүйектерге арналған жаттығулар. Иек- ыңғайлы қалыпты жағдайда, еріндер жұмылған. Бір дегенде иек арасы екі саусақ сыятындай қашыққа төмен түсіріледі. Тіл еркін жатыр, тіл ұшы астыңғы тістер артында, еріндері дөңгеленген, тістері көрінбейді. Екі дегенде ауыз ашылады. Үш дегенде ауыз жабылады. Жаттығу алты рет қайталанады. Жаттығу орындалған кезде бас төмен түспеуін қадағалау қажет.

Б.п.- дәл сол. Бір дегенде жақ сүйегі алдыға жылжиды. Екі дегенде жақ сүйегі алғашқы қалпына келтіріледі (б.п. – бастапқы поза). Үш дегенде жақ сүйегі төмен түсіріледі; төрт дегенде жақ сүйегі алдыға қарай жылжытылады; бес дегенде жақ сүйегі алғашқы қалпына келтіріледі. Б.п.- дәл сол. Бір- жақ сүйегі төмен түсіріледі. Екі- жақ сүйегі оңға жылжиды (ауыз ашық). Үш- жақ сүйегі төмен түсіріледі. Төрт- жақ сүйегі солға жылжиды. Бес- жақ сүйегі төмен түсіріледі. Алты- жақ сүйегі алдыға жылжиды. Жеті- жақ сүйегі қайта алғашқы қалпына келтіріледі. Қимылдар екі-үш рет жәй темппен қайталанады.

б) Ерінге арналған жаттығулар. Ерінге арналған жаттығуларды орындаған кезде ерін бұлшықеттерін жоғары немесе төмен тонуста болуын ескеру қажет. Егерде бұлшықеттерінің тонусы төмен болса, паретикалық бұлшықеттерін белсендіруге арналған тапсырмалар беріледі. Егер бұлшықеттерінің тонусы жоғары болса, керісінше оларды босаңсытуға арналған жаттығулар қолданады. Бұл жаттығуларды орындаудың алдында ерінге массаж жасау қажет: Екі сұқ саусақтар жоғарғы ерінге қойылады. (нүктелер ауыз бұрыштарымен еріннің ортасында орналасқан) Екі саусақпен бір мезгілде еріннің ортасына қарай сипалау қозғалыстары орындалады (4-5 рет). Астыңғы ерінге де дәл осылай жасалады.

Б.п.-дәл сол. Сипалауды тістерді көрсетіп жоғары қарай 4-5 рет жасайды. Астыңғы ерінге де дәл осылай жасалады (төменгі бағытта). Сұқ саусақтарды ауыз бұрыштарына қоямыз. Еріндері екі жаққа керіліп («жымию»), содан кейін оларды бірге жиямыз («хоботок»). Еріндер босаңсытқан қалыпта . Екі қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен еріннің ортасынан ауыз бұрыштарына қарай алдымен жоғарғы, содан кейін төменгі ерінді жеңіл шымшылайды. Б.п.-дәл сол. Екі қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен төменгі және жоғарғы еріндерді жеңіл ұрғылау (еріннің ортасынан ауыз бұрыштарына қарай).

Б.п.- дәл сол. Екі қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен төменгі және жоғарғы еріндерді жеңіл сипалау (еріннің ортасынан ауыз бұрыштарына қарай). Массаж жасап болғаннан кейін жаттығуларды статикалық «жымию», «түтікше», «хоботок» позасын 3-10 секунд ұстаудан бастап орындауына көшуге болады (қимылдар 4-5 рет қайталанады). Еріндерімен салфетканы қысып ұстау. Оларды ауыздан жұлып алғанда кедергі келтіруге тырысу керек.

Б.п- дәл сол – ауыз жабық, тістер жақындатылған, еріндер күнделікті қалыпта. “Бір”,”Екі” дегенде жоғарғы ерінді көтеріп төмен түсіру. Төменгі ерінмен дәл сол қимылдар орындалады. Б.п – дәл сол. “Бір” дегенде бір мезгілде жоғарғы ерінді көтеріп, ал астынғы ерінді төмен түсіру.”Екі” дегенде жоғарғы ерінді төмен түсіріп, астынғы ерінді көтеру. Б.п – дәл сол. “Бір” дегенде астынғы тістер көрінетіндей ерін төмен түсіріледі, жоғарғы ерін қозғалыссыз.”Екі” дегенде төменгі ерін бұрынғы қалпына келтіреді.

Читайте также:  Сумка для йоги размеры

Б.п – дәл сол. “Бір” дегенде астынғы тістер жоғарғы ерінге тиіп тұрады да оларды ақырын “сипалайды”, содан кейін жоғарғы тістермен астыңғы ерінге дәл сол қимылдарды орындайды. Б.п – дәл сол. “Бір” дегенде еріндерді бірге қосып, алдыға созу. “Екі” дегенде ерін осы қалпымен оңға жылжиды.”Үш” дегенде алдыға, ал ”Төрт”дегенде солға жылжиды.

Б.п – дәл сол. Еріндер жиырылған, сағат тілінің бағытымен еріндер шеңбер ”жазады”. Содан кейін керісенше бағытта орындау. Б.п – дәл сол. Еріндер қатты жұмылған, астыңғы жақ сүйектер сәл төмен түсірілген. Дем шығару кезінде қатты шыққан ауа ағымының күшінен еріндер ажырайды және ауыз қатты ашылады.

в) тілге арналған жаттығулар Тілге арналған жаттығуларды орындаған кезде тіл бұлшықеттерінің тонустарының жоғарлығына және төмендігіне назар аудару қажет. Егер бұлшықет тонусы төмен болса, оларды белсендіруге, паретикалық бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар, ал тонусы жоғары болса бұлшықеттерін босансытуға арналған жаттығулар орындалады. Статикалық жаттығуларды орындаудан бастаймыз: “тіл тістер артында, ауызы ашық” ”күрекше” ”кесе”, т.б. содан кейін динамикалық артикуляцияны дамытуға арналған жаттығуларды жасатуға көшеміз. Жаттығулар 4-5 орындылады.

Б.п – ауыз ашық, тіл ұшы астыңғы тістер артында. “Бір” дегенде тілдің жіңішке ұшымен ұрттың ішкі сол жағына тигізу, ”Екі” дегенде- оң жағына бұрылады. Жаттығуды орындаған кезде төменгі жақ сүйектері қимылсыз болуы тиіс. Б.п – ауыз ашық, тіл ұшы астыңғы тістерге іш жағынан қабысқан. Тіл түбінен алдыға қарай жылжығанда оның ортасы жоғарғы қызыл иекпен қабысу керек. Ал тілдің үшы алғашқы қалпын сақтау керек. Сол кезде шертпе пайда болады.

Дизарттияның көмескі түрі бар балаларға артикуляциялық позалар әр түрлі дене бөлшектерінің қимылдарымен үйлескені өте пайдалы: ауызды ашу және қолдарын жан-жаққа созу; еріндерді дөңгелету және обручты бейнелеп, қолдарымен ауада шеңбер сызу; еріндерімен “түтікше” жасап, қолдарын алдыға қарай созып алдыға ұмтылу; еріндерімен жымию және аяқтың үшына тұрып, қолдарын екі жақтан әкеліп жоғары көтеру.

Орындайтын жаттығуларға қызығушылық тудыру үшін ертегілерді қолдануға болады, белсенділік принциптерге негізделгендіктен қимыл-қозғалыстар, әдеттегідей, есте сақталып қалады. Г) бұзылған дыбыстарды қоюға арналған жаттығулар Дизарттрияның көмескі түрінде қолданылатын артикуляциялық гимнастиканың бастапқы кешені қолданылады. Жоғарғы да аталып кеткен жаттығулармен қатар барлық бұзылған дыбыстарды түщетуге арналған жаттығу сериялары орындалады. Әр логопед өзінің тәжірбиесінде жиі қолданатың жаттығулары бар. Соларды көбірек беруге ұсынамыз. Келесі кезеңдерде бұл жаттығуларды балалар уйде орындайтың болады.

Онлайн-конференция для учителей, репетиторов и родителей

Формирование математических способностей у детей с разными образовательными потребностями с помощью ментальной арифметики и других современных методик

Международная дистанционная олимпиада Осень 2021

Номер материала: ДБ-1016027

Не нашли то что искали?

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

В России оценили уровень комфорта обучения в образовательных организациях

Время чтения: 3 минуты

Московский международный салон образования начнется 6 октября

Время чтения: 1 минута

Путин поручил сократить количество контрольных работ в школах

Время чтения: 1 минута

Путин назвал уровень доходов преподавателей одним из социальных приоритетов

Время чтения: 1 минута

Каждый пятый ребенок в России имеет лишний вес

Время чтения: 3 минуты

В пяти регионах России протестируют новую систему оплаты труда педагогов

Время чтения: 2 минуты

Подарочные сертификаты

Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.

Читайте также:  Как убрать жир внизу живота без тренировок

Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.

Источник

Артикуляциялы? гимнастика дегеніміз не

Мектепке дейінгі балаларға арналған артикуляциялық гимнастика

Адамда дыбыстарды айту қабілеттілігі туған кезден бастап бар. Одан әрі балалар дыбыстар мен сөздерді қосуды үйренеді. Егер де сөздерді анық айтуда қиындық болса, ол қиындықты артикуляциялық гимнастика шешіге көмектеседі. Баламен артикуляциялық гимнастиканы қалай жүргізу және оның маңызы туралы кейінірек айтамыз.

Артикуляциялық гимнастика дегеніміз не және не үшін керек?

Артикуляциялықгимнастикааспан, ерін, тіл және мимикалық бұлшық еттер қосылатын баламен жүргізілетін сабақты айтамыз. Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты мақсаты баланы артикуляциялық аппарат ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Ұзақ сабақтардың қорытындысы дыбыстарды анық айту болып табылады. Артикуляциялық гимнастика баланы кейін жазу дағдыларына ү йренудінде үлкен орын алады.

Артикуляциялық гимнастика түрлері:

Артикуляциялық гимнастиканы шартты түрде былай бөлуге болады:

активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны шпател, таза саусақ немесе қасықпен ерін мен тілді дұрыс қалыпқа қою арқылы жасауға болады.

Жаттығулардың өзі екі түрге бөлінеді: статистикалық және динамикалық. Динамикалық тапсырмаларда қимылдар барлық орындалу уақыты кезінде іске аасды. Статистикалық ерін немесе тілді белгілі бір қалыпта 10-15 секунд ұстап тұруды қамтиды.

Артикуляциялықя гимнастика кішкентай балалар үшін.

Сәбиге дыбыстарды игеруде көмекті оның өмірінің алғашқы айларынан бастап бере алады. Серуенге немесе баламен сөйлескенде, ана балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасау керек. Мысалы, жануарлардың қандай дыбыстар шығаратындарын айтуға болады. Ері мен тіл қатысатын әр түрлі ойындарды ойанау, мысалы, сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді көрсетесіз.

Сабақ ойын түрінде 3-4 жасқа дейінгі балалармен өткізіледі, ол баланың дыбыстарды қалай айтуына байланысты. Ал егер де балада 4 жастан кейін сөйлеуі анық болмаса, онда баланы логопедке көрсету керек.

Балалармен артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің кемшіліктері.

Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты талабы жүйелілік. Сабақ күн сайын жүргізілу керек.

Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспау керек. Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар орындалу керек.

Сабақ барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар ол тапсыманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.

Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек.

Балаларға арналған артикуляциялық гимнастика бойынша жаттығулар. «Қызу өлшегіш».Балаға аузын кең ашып «Ыстық» деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкені жауып «суық» деп айтқызыңыз.

«Тізімізді тазалаймыз».Бала, ерінің күлген секілді жасап, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан, сосын үстіңгі тістерін тазалағандай қимылдар жасату.

Источник

Оцените статью